Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер 2,5 млн теңгенің есірткі затын тәркіледі

Қызылордалық полицейлер 2,5 млн теңгенің есірткі затын тәркіледі

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10-мамыр күні облыс орталығының тұрғыны жарты келіге жуық марихуана есірткі затын сатқандығы анықталды.

Ірі мөлшерде есірткі сатқан азаматтың тұрғылықты мекен-жайынан, яғни көпқабатты үйдің жер төлесінен 4 келіден асатын және автокөлігінде 300 граммға жуық марихуана есірткі затын сақтағандығы анықталды. Заттай дәлелдемелер алынып, сараптамаға жолданды. Күдікті азамат есірткі затын қала тұрғынынан алғанын айтып, есірткі заттарының өздеріне тиесілі екенін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайына тінту тергеу әрекетін жүргізу барысында газет қиындыларына оралған есірткі заттарымен қоса есірткі тұтынуға арналған құралдар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Екі күдікті де Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған есірткі қылмысына басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаменті нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған іс-шараларды белсенді түрде жалғастыруда.

«Облысымыз бойынша жыл басынан барлығы 45 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеудің 33 дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 1 дерегі, есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдаудың 10 дерегі, есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалаудың 1 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 20 кг-ға жуық есірткі тәркіленді»,- дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
12 мамыр 2021 ж. 230 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области