Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 15 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с деңгейінде күтіледі.
Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус қатты ыстық болжанып отыр.
Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.