Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Kyzylorda-news.kz. Қалалық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, қала әкімінің өкімімен 2021 жылдың 14 мамырынан бастап Әбдіқадыров Сейдуали Алайдарұлы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Сейдуали Алайдарұлы, 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Заңгер», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Тасбөгет кенті әкімінің аппаратында маман болып бастап, 2009-2019 жж. қала әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы сатыларынан өтті.

2019 жылдың наурыз айынан бастап Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып, 2020 жылдың қараша айынан осы кезге дейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.
18 мамыр 2021 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области