«е-Өтініш»: Қызылордада жыл басынан бері азаматтардан 12 000 өтініш түскен

Бүгінгі таңда өңірде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасында қалыптастырылуда. Ал «е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 100% мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қосылған. Айта кетейік, бұл жүйе пилоттық форматта өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 12 000-нан астам өтініш келіп түсті.
«е-Өтініш» – бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сондай-ақ өтініш берушілерге өтініштерді қарау бойынша бүкіл тарих сақталатын бірыңғай база.
Биыл 1 шілдеден бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылатын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады.
Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады. Өтініштерді қарау мерзімі 15 күнді құрайды.