Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жол көлік оқиғасы 12 пайызға азайды

Қызылордада жол көлік оқиғасы 12 пайызға азайды

Kyzylorda-news.kz. Жол қауіпсіздік ережесін түсіндіру мақсатында облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтуде.

17 мамырда басталған шара 16 маусымға дейін жалғасады. Бір ай ішінде жол сақшылары ереже бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Көшерлерге қосымша жол белгілерін орнатуға ұсыныстарын береді.

«Халық көп жиналған аумақтарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, еріктілермен бірігіп, жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы тұрғындардың жол ережесін білуіне және сақтауына жақсы баға береміз. Себебі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жол көлік оқиғалары, оның ішінде жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзу деректері жылдан жылға төмендеуде. Ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысымен жол көлік оқиғалары – 12 пайызға, жарақат алғандар -6 пайызға азайды. Жалпы ауыр дене жарақатын алған жол көлік оқиғалары республикалық маңызы бар тас жолда орын алуда», – деді Қызылорда ОПД басқарма бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков.

Департамент жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында күн сәулесінен қуат алатын диодты жарық және қозғалысты реттейтін белгілерді көбейтуге ұсыныс беруде.
21 мамыр 2021 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области