Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің тек оңтүстігі және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде желдің күші 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, күндіз жел екпіні – 23 м/с.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында – 25 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. Павлодар облысында түнде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.