Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Балаға жақсы тәрбие беру басты борышымыз

Гүлшара Әбдіқалықова: Балаға жақсы тәрбие беру басты борышымыз

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Бұл күн – балғын балалықтың, көңіліндегі адалдық пен әділеттілікке деген риясыз сенімнің, балаға ғана тән пәк көңіл мен шексіз қиялдың мерекесі.
Біз баламыз – болашағымыз деп үміт артып, жақсы тәрбие беруді басты борышымыз деп санайтын халықпыз.
Сондықтан, бар жақсылығын балаға арнап, олардың жан-жақты, тәрбиелі, саналы азамат болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.
Өткен жылдан бергі коронавирус індеті өмірімізге өзгеріс әкелді. Оқушылар қашықтан оқуға мәжбүр болса, жазғы демалыстарында бұрынғыдай лагерлерге, демалыс орындарына бара алмай қалды. Көптеген пәндік жарыстар, түрлі байқаулар онлайн өтті. Соған қарамастан балаларымыз халықаралық, республикалық сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, ата-анасының, мектебінің ғана емес, облыстың да мақтанышына айналды.
Балалар, сіздер жаз мезгілінің алғашқы күнінде келетін осы бір тамаша мерекені асыға күтетіндеріңізді білемін. Өйткені, көптен күткен жазғы демалыс басталады. Біріңіз ауылдағы ата-әжелеріңізге баратын болсаңыздар, енді біріңіздің өз армандарыңыз бар.
Сіздерге айтарым, жаздай жақсылап тынығыңыздар, жаңа оқу жылына күш жинап, келесі белесті бағындырам деген керемет сезіммен келіңіздер. Өздеріңіз ұнатып оқитын кітапты оқуды да ұмытпаңыздар. Болашақ мамандық таңдау, таным көкжиегін кеңейту осы кітаптан басталады.
Ал, ата-аналар балаларының бос уақытын тиімді пайдалануына үлкен мән беріп, жауапкершілікпен қарай білсе деймін.

Қадірлі жас достарым!
Туған жерімізді түлетер, тәуелсіздігіне 30 жыл толған сүйікті елімізді көркейтіп, нығайтар өздеріңіздей жас ұрпақтың келешегі кемел, жолы ашық болсын деп тілеймін!
Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болсын!
Сабақтарыңызды жақсы оқып, тәртіпті болып, ата-аналарыңызды, ұстаздарыңызды қуантып жүріңіздер.
Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін!», – делінген әлеуметтік желідегі парақшасында.
01 маусым 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области