Биыл Наурыз бен Махамбетов ауылына газ келе ме?

Биыл облыстағы Қазалы қаласын, Жосалы және Жалағаш кенттерін, Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов елді мекендерін жыл соңына дейін газбен жабдықтау жоспарланған. Осылайша, облыстағы тұрғындардың газға қолжетімділігін 67,4 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Ж.Махамбетов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралды.
Жалпы облыста 2025 жылға дейін 22 елді мекенге газ тарту жоспарланып отыр.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жыл жоспарында газдандырылатын елді мекендердегі құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.