Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Шапағаттағы» мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

«Шапағаттағы» мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Kyzylorda-news.kz. «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығында «Біз – өмірдің гүліміз» атты мерекелік шара өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысқан Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың бүлдіршіндеріне игі тілегін жеткізді.

Мұнан соң «Петро Қазақстан» компаниясының вице-президенті Болат Көшербаев шапағаттық балаларды мерекемен құттықтап, орталықтың қызметкерлеріне тынымсыз еңбектері үшін алғысын айтты.

Мерекелік шарада орталықтың тәрбиеленушілері ән айтып, би биледі. Сондай-ақ, орталықтағы «Қуыршақтар» театрының мүшелері «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша қойылым көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл үйірме 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Балалар күніне арналған шараны «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығының директоры Шынар Жеңсікбаева қорытындылап, 20 жылдан бері орталыққа қол ұшын созып келе жатқан «Петро Қазақстан» компаниясына алғысын жеткізді.

Мерекелік шара соңында «Петро Қазақстан» компаниясы мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың сыйлықтары балаларға тарту етілді.
02 маусым 2021 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области