Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда-Жезқазған автожолы неше жылда салынып бітеді?

Қызылорда-Жезқазған автожолы неше жылда салынып бітеді?

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда мен Жезқазған қалаларын жалғайтын ұзындығы 420 шақырымдық жолдың құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Бүкіл Қызылорда облысының, Қазақстанның оңтүстігінің тұрғындары осы жолдың ашылуын күтіп жүр. Жезқазған-Қызылорда жолының ұзындығы 420 шақырымды құрайды. Жобалық барлық құжаты дайын, үйлестіру кеңесінен өттік. Қаржыландыру институттарымен қаржыландыру мәселесін келістік. Биыл осы жолдың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Шынымен де бұл жол Кеңес заманында, 70-шы жылдары салынған. Қызылорда мен Жезқазғанды жалғайтын бұл жол жарамсыз болып қалды десек те артық емес. 3,5 жылдың ішінде жолды салып шығуды көздеп отырмыз. Сол кезде Қызылорданың, Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары осы қысқа жолмен жүре алады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол аталған жолдың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігін баса айтты.

«Құрылыс жұмыстарын осы жылы бастап кетеміз. Барлығы мақұлданған», – деді Бейбіт Атамқұлов.
02 маусым 2021 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области