Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰҒАЛІМДЕРГЕ ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН


    Парламент мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова мұғалім мамандығының беделін арттыру бойынша біріккен отырыста мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды. Мәжіліс депутаты бұл ұсынысты халықаралық тәжірибеге сүйеніп айтып отыр.  
    "Халықаралық тәжірибені алып қарасақ, мұғалімдерге пайызсыз несие беру – оларды сол мамандықта ұстап тұру үшін таптырмас шара", — деді Омарбекова.
    Оның айтуынша, бұл амал елдегі мұғалім кадрларының тұрақтауына ықпал етеді.
    Айта кетейік, кадрлардың тұрақтамауы туралы тағы бір халық қалаулысы Наталья Жұмаділдаева да сөз қозғаған еді. Оның пікірінше, кадрлардың тұрақтамауын ұлттық деңгейде есепке алу керек.
    "Қазіргі уақытта мұндай есеп жүргізіліп жатқан жоқ. Деректердің жоқтығынан бұл ахуал туралы, проблемалар мен мамандықты тастау себептері жайында біле алмаймыз. Бұл ұстаздың беделін көтеру үшін тиісті шаралар қабылдауға кедергі келтіреді", — дейді Жұмаділдаева.
    Депутаттың мәліметіне сүйенсек, кадрлардың тұрақтамауына ұстаздардың жалақысы мен еңбек ету жағдайына көңілі толмауы себеп болады.
    "Айта кетсек, білім беру жүйесіндегі кадрлардың тұрақтамауына халықаралық формуламен баға беретін болсақ, біздің елде кем дегенде мұғалімдердің 1%-ы басқа салаға ауысар болса, жарты миллиард теңге шығынға ұшыратады", — деп алаңдайды мәжіліс депутаты.
    Мұғалімдердің беделін арттыру қажеттігі туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 қаңтардағы жолдауында айтқан болатын.
    Дереккөз: sputniknews.kz

21 ақпан 2018 ж. 562 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области