Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ Н. НЫҒМАТУЛИН БАӘ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ Н. НЫҒМАТУЛИН БАӘ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ


     Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед әл – Джабар мырзаны қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің ресми сайты хабарлады.
    Бұл тараптардың алғашқы жүздесуі.
    Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, БАӘ Қазақстаннның ең маңызды әріптестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде қос мемлекет арасындағы байланыс сындарлы даму деңгейіне жетті.
    Тараптардың пікірінше, бұл екі ел басшыларының бауырластық, достық негізге құрылған стратегиялық келісімдерінің жемісі.
    Н.Нығматулиннің айтуынша, бүгінгі күні барлық салада, әсіресе, мұнай-химия, көлік-логистика, энергетика салаларында әріптестік қатынас белсенді түрде дамып келеді.
    Кездесу барысында Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауында айтылған 10 бағытқа айрықша назар аударған Мәжіліс Спикері болашақта екі ел арасында технология және инновация саласында ықпалдастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Мәселен, Әмірліктің экономиканы әртараптандыру, инновациялық экономикаға көшу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қалыптастыру тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады.
    Өз кезегінде елші Қазақстан барлық салада әлемдік деңгейде зор рөлге ие екенін, ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесі екенін айтып, БАӘ Қазақстанның барлық бастамаларын қолдауға ынталы екенін жеткізді.
    Кездесу иелері халықаралық өзекті сұрақтарды да назардан тыс қалдырмады.
    Жүздесу соңында Мәжіліс Спикері алдағы уақытта бейінді комитеттер арқылы іс-сапарлар жасау, әр сала бойынша заңнамалық тәжірибе алмасу жұмыстарын күшейту біздің елдерімізді одан әрі жақындастырып, елдер арасындағы заңнамалық базаны нығайта түсетінін атап өтті.

29 қаңтар 2018 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области