Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫН БАСТАДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫН БАСТАДЫ


    Мәжіліс депутаттары 2018 жылдың 3-12 қаңтар аралығында сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Онда халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтардың қабылдауын өткізеді, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.
    Кездесу барысында депутаттар азаматтарға заңшығарушылық қызмет пен «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етеді.
    Бүгін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мәулен Әшімбаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Гүлжан Қарағұсова, Михаил Чирков пен Татьяна Яковлеваның «Тұлпар Тальго» вагон құрылысы зауытының қызметкерлерімен кездесті. Осы күні елордалық кәсіпкерлермен Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев кездесу өткізеді.
    Біздің облысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Ізмұхамбетов, А.Тасболатов, А.Ералиев,  Қ.Сұлтанов, Г.Шиповских, М.Ерман мен Б.Кесебаева келді.
    Олар тек облыс және аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарда, елді-мекендер мен шалғай ауылдарда да кездесу өткізеді.

03 қаңтар 2018 ж. 764 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области