Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ КЕЛДІ

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ КЕЛДІ


    Достық үйінің мәжіліс залында корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл толуына орай Алматы қаласындағы Корея Республикасының бас консулы Чжон Сын Мин корей этносының ардагерлері және жастарымен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулық туралы айтылды, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.  
    – Корей халқының тарихы Қазақстан тарихымен тығыз байланысып жатыр. Осыдан 80 жыл бұрын олардың жер аударылуы қасіретті кезеңдердің бірі еді. Тағдыр тәлкегімен 1937 жылдың күзінде корейлер қасиетті қазақ жеріне келді. Қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірбандығының арқасында олар күштеп қоныс аударудан кейін қиын қыстау заманды өткерді. Осы жылы корейліктердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толды. Сондай-ақ, Корея-Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 25 жыл. Осы жылдар аралығында екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая түсті, -деді бас консул.
     Сонымен қатар,  Чжон Сын Мин Корей елінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайында айтып өтті. Сөз соңында ол мұндай кездесулер әріптес екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтатындығына сенім білдірді.





28 қараша 2017 ж. 790 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области