Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсардың» футболшылары жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді

«Қайсардың» футболшылары жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді

Kyzylorda-news.kz. «Қайсар» футбол клубының футболшылар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесіне барып, жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді.

Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді. Жолдастық кездесу тартысқа толы өтіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

«Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау білдіріп, қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіруге арналды. Біз чемпионаттан тыс осындай кездесулерді ұйымдастырып, бірге футбол ойнауға келістік. Байқауымызша, футболшылармен кездесіп, футбол ойнаған оларға қызық», – деді бапкер Жарқынбек Жоламанов.
07 маусым 2021 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области