Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды

«Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық «Қайсарды» енді 64 жастағы білікті бапкер Владимир Никитенко баптайды. Тәжірибелі жаттықтырушы бұған дейін де команданың жаттықтырушысы болған.

2008 жылы тізгінді ұстап, ел біріншілігінде табысты нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2012 жылы «Қайсарға» қайта оралып, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлес қосты. Владимир Никитенко еліміздегі ең нәтижелі, жетістіктері мол бапкерлердің санатында.

Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше мәрте Қазақстан кубогын еншілеген, екі мәрте Қазақстан суперкубогын жеңіп алса, бірнеше рет ел чемпионатының жүлдегері атанған. Сондай-ақ Ресей федерациясы кубогының иегері.

Бапкерлік еңбегі жолында 40-тан аса спорт шеберін, 30-дан аса футболшыны Ұлттық құрама сапына даярлады.
09 маусым 2021 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области