10 маусымда күн тұтылады
Kyzylorda-news.kz. Биыл 10 маусымда күн сақина тәрізді тұтылады. Қазақстандықтар сирек кездесетін құбылысты түстен кейін тамашалай алады.
В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институтының жұлдыздар және тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Любовь Шестакованың айтуынша, 2021 жылы күннің төрт тұтылуы болады. Олардың тек біреуі ғана көрінеді.
«Күннің тұтылуын ертең байқауға болады. Бұл құбылыс сақина тәрізді болады. Бұл өте сирек кездесетін және таңғажайып оқиға. Күн тұтылу белдеуі Солтүстік Америка, Солтүстік мұзды мұхит, Ресейдің солтүстік-шығыс бөлігі арқылы өтеді. Қазақстан аумағында тұтылудың тек жекелеген фазалары ғана көрінуі мүмкін. Яғни, елдің солтүстік-шығыс облыстарында Павлодар, Петропавл, Өскемен, Семей қалаларында анық байқалады», – деді ол.
Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы сағат 17.15-те басталып 19.03-те аяқталады. Бұл құбылыс шамамен сағат 18:11 кезінде анық көрінеді.
Алматыда күннің тұтылуын 17:44-тен бастап, 19:05-ке дейін тамашалауға болады. Әсіресе 18:26 шамасында бұл құбылыс анығырақ байқалады.
Биыл 4 желтоқсанда күн тағы тұтылуы мүмкін. Бірақ оны тек Антарктида мен оның айналасынан ғана көруге болады.