Қызылордада шаңды дауыл соғады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындар салдарынан ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
10 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, орталықта кей жерлерде нөсер жауады. Кей жерлерде дауыл соғып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.