Ауа райы: Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі, 19 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі атмосфералық ағындар бөлігінің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік шығысының кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дауыл күтіледі, республиканың солтүстігінің кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең – тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда, күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында – шаңды дауыл соғады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.