Жаңбыр, бұршақ, жел - 18 маусымға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 18 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел күшеюі, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктін кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, түнде кей жерлерде дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.