11 маусымға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Республиканың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел қарқыны 15-20, күндіз 25 м/с жетеді. Таулы аудандарда дауыл болады.
Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жауады. Күндіз жел жылдамдығы – 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.