Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМІЗДЕ АСЫҚ ЖИНАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ЕЛІМІЗДЕ АСЫҚ ЖИНАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ


     Ұлттық ойындарға бай халықтың бірі – қазақ жұрты. «Kazakh Tourism» компаниясы халқымыздың ұлттық ойындарын әлемге таныту мақсатында елімізде асық жинау акциясын өткізеді. Жиналған асықтар ең бірінші халықаралық көрмелерге қойылып, шетелдіктерге ұсынылса, содан соң қайырымдылық мақсатында балабақшаларға, мектептерге берілетін болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
    «Біздің компания әзірлеген ұлттық туристік өнімдер 4 «е» компоненттен тұрады: eco, etno, event, entertainment. Төрт «е» концепциясымен біз халықаралық туристік көрмелерде Қазақстан павильонын жаңа форматта таныстырамыз», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.
    Ол алдағы наурыз айында өтетін ауқымды әлемдік ITB Berlin көрмесіне дайындық жұмыстары туралы айтып өтті.
    «Павильонымыз ұлттық нақышта безендіріледі. Жартылай қанатты киіз үй қойылады. Стендте ұлттық аспаптарымызды жасау мен оларда ойнауды, «Қара жорға» биін билеуді, киіз үйді жинауды үйретеді. Бұдан бөлек, павильон алдында Арлан театрының батырлары тұрады. Ұлттық ойынымыз «асық атуды» таныстыратын орын болады. Көрме қонақтары асық ойнап, жеңімпаздарға арнайы әзірленген асық жиынтықтары табысталады», - деді ол.
    Алдағы уақытта басқа да көрмелерде асық ойынын таныстыру жоспарланып отыр. Берлиндегі көрмеге қойылатын асықтарды жинауға Qulager Burabay сауда белгісімен Asia Waters, «Страна мастеров» көмек көрсеткен. Сонымен бірге елімізде жуырда «халық арасында асық жинау» акциясы өтеді.
    «Алғашқы көрмеге қажетті асықтарды жинадық. Келесі көрмелерге дейін арнайы акция өткіземіз. Елге келген әр қонақтың асықты алуға мүмкіндігі болса дейміз. Асық жинау әлеуметтік маңызы бар жеке жоба. Акция бір реттік емес, ғұмырлы болғанын, асық келген қонақтардың қолында ғана емес, әр отбасыда, балабақша мен мектептерде болғанын қалаймыз. Біздікі қайырымдылық шарасы», - деді ол.
    Яғни, алдағы акцияларда жиналған асықтар көпшілікке берілетін болады.
    «Асық ату» республикалық федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов асық жинаудан Гиннесс рекордтар кітабына кіру мақсаты барын айтты.
    «Әрбір қазақтың үйінде асық бар, оны ырымдап жинаған. Ер бала босану үшін үйде асық болуы керек. Бір жаққа аттанарда «асығың алшысынан түссін» деген игі тілек айтып жатады. Астанадағы сауда орталықтарының алдында сенбі-жексенбі күндері халық көп жүретін кезде асық ойнаудан жарыс өткізсек деген ой бар», - деді ол.
    Оның айтуынша, 2011 жылы федерация асық ойыны туралы ортақ ереже бекіткен. Бүгінде үстел үстінде, жүріп ойнайтын және бес табан атты түрлері бар. Ал ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы өкілі Криста Пикаттың мәлімдеуінше, асық ату ойыны 2017 жылдың желтоқсанында қазақ ұлттық ойыны ретінде ЮНЕСКО адамзаттың материалды емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енген.

21 ақпан 2018 ж. 1 411 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области