Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада футболдан Тимур Сегізбаевты еске алу турнирі басталды

Қызылордада футболдан Тимур Сегізбаевты еске алу турнирі басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін орталық стадионда футболдан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев қатысушыларды құттықтап, аты аңызға айналған футболшы Тимур Санжарұлын еске алуға арналған турнирдің өңірде жасөспірім спортшыларды тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған футбол додасына Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 8 команда 120 спортшы қатысуда.

Облыста бұқаралық спортты, футболды дамыту мақсатында Тимур Сегізбаев атындағы облыстық турнир биылғы жылы он екінші мәрте ұйымдастырылуда.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командалары 13 маусым күні белгілі болады. Ойындар орталық стадионның қосалқы алаңында өтуде.
11 маусым 2021 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области