Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир басталды

Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде Мемлекет жəне қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ХХІ рет ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен жəне еліміздің əр өңірінен 22 команда, 350 спортшы қатысуда.
Турнирдің салтанатты ашылуында облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов пен Сырдария ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Əбенов жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыс əкімі ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтауын жеткізді.
Жарыстың жеңімпаз жəне жүлдегер командалары мен үздік ойыншылар 28 қыркүйек күні белгілі болады.

26 қыркүйек 2019 ж. 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области