Қызылордада бокстан ерлер арасында спартакиада басталды
Kyzylorda-news.kz. "Мұз айдыны" СК-де бокстан ерлер арасында ҚР 5-ші жазғы спартакиадасы басталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметін.
Облыс тарихында алғашқы рет ерлер арасында ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жəне барлық облыстардан 17 команда, 146 былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дəрежесінде бақ сынайды.
Жарыстың салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Əлем, Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев қатысушыларға сəттілік тіледі.
Жарыс күнде сағат 15.00-20.00 аралығында өтеді. 6 мамыр күні сағат 15.00-де жартылай финал, 7 мамыр күні сағат 12.00-де финалдық кездесулер ұйымдастырылған.