Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бокстан аймақтық чемпионат басталды

Қызылордада бокстан аймақтық чемпионат басталды

Қызылорда қаласы №2 ОРМБЖМ - де ХД AIBA төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбай Әбденәлиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған бокстан жасөспірімдер арасында ҚР батыс аймақтық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген былғары қолғап шеберлері 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда.
Айтулы бәсеке биылғы жылдың 19-23 мамыр аралығында Ақмола облысы Атбасар қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына спортшылады іріктеу жарысы болып табылады.
Жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ХД AIBA төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбай Әбденәлиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, ҚР олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов қатысты.
9 наурыз күні сағат 11.00-де финал басталады, баршаңызды тамашалауға шақырамыз. Кіру тегін.

06 наурыз 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области