Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қамшыбек Қоңқабаев ел чемпионатындағы жеңісін «Қызылорда қаласының 200 жылдығына» арнады

Қамшыбек Қоңқабаев ел чемпионатындағы жеңісін «Қызылорда қаласының 200 жылдығына» арнады


Маңғыстау облысы Ақтау қаласында бокстан ерлер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев алтын жүлдені жеңіп алды. Ол ел чемпионатындағы жеңісін «Қызылорда қаласының 200 жылдығына» арнады.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Сыр боксшысы үш кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Оның алдағы жоспары - 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін келесі жылы Азия және Әлем чемпионаттарына дайындалады.
Сондай-ақ, дүбірлі додада жерлестеріміз 60 келі салмақта Бағдат Уайдаев пен 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге қол жеткізді.
Жалпы жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев, облыстың аға жаттықтырушысы Жамиль Жүсіпов және жаттықтырушы Сейітжан Төкенов дайындады.                                                                                                                           


20 қараша 2018 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области