СПОРТ АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

Жарысқа Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан, аудандардан, Оңтүстік Қазақстан облысынан 40 жас және одан жоғары жастағы ардагер спортшылар қатысады.
Жарыстың жеңімпазы мен жүлдегер командалары, үздік ойыншылар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Турнир 16 маусым күні сағат 09.00-де басталса, 10.00-де салтанатты ашылуы өтеді.