Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Электр энергиясының бағасы өсті

Қызылорда: Электр энергиясының бағасы өсті

Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі электр станциялары өндіретін электр энергиясының шектік көтерме бағалары бекітілді. Онда өсім 11%-тен 25,5%-ке дейін болды. Қызылорда облысында электр қуатымен қамтамасыз ететін электр станциялары «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК – 11%, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 25%, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ – 6,1%, «Жамбыл ГРЭС» АҚ – 25,5%-ке қымбаттады.

Осы орайда облыстың 3 энергиямен жабдықтаушы кәсіпорны ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне электр энергиясының шекті бағасының көтерілуі туралы ақпаратпен жүгінген. Электр энергиясының бағасының соңғы пайдаланушылар үшін өзгеруі 7,7% -тен 16,4% -ке дейін болды.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында департамент барлық мүдделі тараптарға комитеттің ресми сайты мен БАҚ арқылы тыңдаулардың күні, орны мен уақыты туралы алдын-ала хабарлап, ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың 7 ауданы мен облыс орталығында жария тыңдаулар өткізді.

Жиындарда айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, қолдау ретінде ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 17 мамырында 3 ЭЖМ электрмен жабдықтау қызметтерінің бағалары келісіп, сатудың орташа бағалары өзгерді. 1 маусымнан бастап тарифтер ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ3,5% -тен 6,3% -ке дейін өзгереді:

«Энергосервис» ЕЖШС-ы бойынша:

– тұрғындар үшін орташа босату бағасы – 15,66 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 9,8 пайызғатөмендетіліп немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 75 тиынға өзгеріспен;

1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін –14,68 теңге,

2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 18,79 теңге,

3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары – 23,49 теңге;

– заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 20,77 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 7,5 пайызға төмендетіліп, оның ішінде:

бюджеттік мекемелер үшін – 30,69 теңге,

басқа тұтынушылар үшін – 17,93 теңге.

«Шиелі Жарығы» ЖШС-ы бойынша:

– тұрғындар үшін орташа босату бағасы – 16,61 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 4,6 пайызға төмендетіліп немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 69тиынға өзгеріспен;

1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін – 16,28 теңге,

2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 19,93 теңге,

3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары – 24,91 теңге;

– заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 18,72 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 5,3 пайызға төмендетіліп, оның ішінде:

бюджеттік мекемелер үшін – 21,66 теңге,

басқа тұтынушылар үшін – 17,56 теңге.

«Дәулетэнерго» ЖШС-ы бойынша:

– тұрғындар үшін орташа босату бағасы – 17,44 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 5,4 пайызға төмендетіліп немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 33тиынға өзгеріспен;

1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін – 17,08 теңге,

2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 20,93 теңге,

3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары – 26,16 теңге;

– заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 20,92 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендетіліп, оның ішінде:

бюджеттік мекемелер үшін – 26,45 теңге,

басқа тұтынушылар үшін – 19,14 теңге.

Сонымен біргеүстемақы мөлшері қолданыстағы деңгейде қалды, тек «Даулетэнерго» ЖШС үшін ол 1 кВт / сағ үшін 0,60 теңгеден 0,57 теңгеге дейін немесе 5%-ға төмендетілді.

Электр энергиясының бағасының өзгеруі оның төлеміне қаншалықты әсер ететіндігін анықтау үшін келесі мысалды келтіреміз:

Қызылорда қаласы бойынша 1 – деңгей бойынша 70 кВт.сағ x 5 адам х 14,68 = 5138 теңге немесе ҚҚС-мен 5754 теңге, 5533,5 теңгенің орнына немесе айырмасы – 220,5 теңгені құрайды;

2 – деңгей бойынша 400-350 = 50 кВтсағ х 18,79 = 939,5 теңге немесе ҚҚС-мен 1052 теңге, 1002 теңгенің орнына немесе айырмасы- 50 теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, бір ай ішінде төлем, тарифтердің өзгеруін ескере отырып, бұрын төленетін ҚҚС-мен6535,5 теңге теңгенің орнына -6806теңге шығады немесе төлем айырмасы айына – 270,5 теңге (жылына 3246 теңге) құрайды.

Айта кетейік, электр энергиясы немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың соңғы бағасы негізгі 3 бөліктен тұрады:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен электр энергиясын өндіретін станциялардың көтерме бағасы;
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері бекіткен электр энергиясын өңіраралық, аймақтық тарату желілері арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдардың тарифтері;
аумақтық департаменттермен үйлестірілетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өздері қамтамасыз етуге арналған үстемеақы.
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті,
11 маусым 2021 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области