Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына өтініш қабылданып жатыр

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына өтініш қабылданып жатыр

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, шығармашылық ұйымдар қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Ізденушілердің құжаттарын 2021 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-701-170-46-54) және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.

Толық ақпарат («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну қағидасы және т.б.) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы (qogam.gov.kz) «Жастар саясаты» бөлімінде қол жетімді.
15 маусым 2021 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области