Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден жарыс болды

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден жарыс болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион манежінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден іріктеу жарысы өтті.

Жарыстың бас төрешісі Жұмабек Дәрмен хабарлағандай, жарысқа Қызылорда қаласы мен аудан командалары қатысты.

Мақсаты – қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ҚР спартакиадасына облыс құрамасын жасақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту.

Жарыс нәтижесінде жекелей сында ерлер арасында R-1 бағдарламасы бойынша Жалағаштан келген Азамат Нұрғали мергендік танытты. Сырдариялық Рахмет Нұрмағанбет – екінші, аралдық Мейрамбек Әлманов үшінші орындарды иеленді. R-2 бағдарламасында әйелдер арасында жалағаштық Салтанат Дәржанның мерейі үстем болды. Сырдариялық Сандуғаш Бакеева – күміс, аралдық Айман Сұлтаева – қола жүлделерге ие болды.

P-1 бағдарламасы бойынша ерлер арасында қызылордалық Александр Огай жеңіс тұғырына көтерілсе, жалағаштық Мұрат Тасберген екінші, сырдариялық Бекболат Қапанов үшінші орындардан көрінді.

P-2 бойынша әйелдер арасында Жалағаш ауданының спортшысы Гүлжанат Кеңесова алтын, сырдариялық Аякөз Әймен күміс, қызылордалық Роза Смағұлова қола жүлделерді еншіледі.
21 маусым 2021 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области