Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


«Мұз айдыны» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада аяқталды. Айтулы спорт бәсекесі Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда, 200-ге жуық азаматтар спорттың 6 түрі бойынша: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, пневматикалық мылтықпен ату, жүгіру-эстафетадан сынға түсті.
Спартакиаданың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты айналысуға тарту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 40 ұпаймен Қызылорда қаласының командасы – бірінші, 33 ұпаймен Арал ауданы – екінші, ал 28 ұпаймен Сырдария ауданы үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Енді үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өтетін ҚР-ның Спартакиадасына облыс құрамасы қатысады.




26 маусым 2018 ж. 789 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области