Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Биыл мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл. Осы мерейлі дата аясында және мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында 22 маусым мен 5 шілде аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтеді.
Айта кетейік, спартакиада биыл 24-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Айтулы жарысқа 25 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың 8 түрінен сынға түсетін болады. Олар – пневматикалық винтовкадан атудан, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, веложарыс және волейболдан сынға түседі.
Айта кетейік, биылғы жарыстың ерекшелігі - спорт түрлерінің қатарына веложарыс енгізілді.
Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтары, дипломдары берілсе, жалпы есепте жеңіске ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталады.
Жарыс облыс орталығы – Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде 22 маусым күні сағат 19.00-де ашылады.











19 маусым 2018 ж. 782 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области