Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРІСІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРІСІ ӨТЕДІ

16 маусым күні Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметші күніне орай «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгірісі өтеді.
Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халықына арнаған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.
Қайырымдылық жүгірісі Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында бір күнде, бір уақытта, бір стартпен өткізіліп, насихатталады.
Жарыс облыс орталығындағы «Достық үйінен» басталып, «Евразия» спорт кешенінің алдында мәреге жетеді. Жарысқа бес жас санатындағы (25-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас аралығы) мемлекеттік қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен өзге де жеке тұлғалар қатыса алады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады.
Қатысушыларды тіркеу «Достық үйі» алдында сағат 09.00-де, 10.00-де салтанатты ашылуы, 10.30-да велоспорт мектебінің алдында марапаттау рәсімі өтеді. Барша қызылордалықтарды жарысқа белсенді қатысуға шақырамыз!
15 маусым 2018 ж. 572 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области