Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛЫ ТҰЛҒА АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

ҰЛЫ ТҰЛҒА АТЫНДАҒЫ ТУРНИР


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасын жүзеге асыруға арналған шаралар аясында 12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді.
    Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай  және Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысып, ұлттық спортты ұлықтайтын 200-дей балуан белдеседі.
    Ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге арналған жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өтеді.  
    Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

11 желтоқсан 2017 ж. 732 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области