ҚЫЗЫЛОРДАДА М.ШӘМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТЕДІ
Осы жылдың 25-26 қарашасында күндері Қызылорда облысының Жалағаш кентінде дзюдодан 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді.
Дүбірлі бәсекеде Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса татами шебері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстың бас төрешісі Арман Молдахановтың айтуынша, жыл сайын республикалық турнирге қатысушылар саны көбейіп, жарыс ауқымы кеңейе түсуде.
Сондай-ақ, байрақты бәсеке жеңімпаздары одан әрі ірі додаларға қатысу үшін іріктеледі.