Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио Олимпиадасы: Қатысушылар арасында алғашқы Covid-19 жағдайы анықталды

Токио Олимпиадасы: Қатысушылар арасында алғашқы Covid-19 жағдайы анықталды

Kyzylorda-news.kz. Токио-2020 Олимпиадасына қатысушылардың бірінде жаңа коронавирус жағдайы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бокстан Уганданың құрама командасындағы тоғыз спортшы мен жаттықтырушы Токио маңындағы Нарита әуежайына кешкі сағат алты шамасында ұшып келді, әуежайдағы спортшылардың бірінде Covid-19-ға сынама тапсыру кезінде оң нәтиже көрсеткен.

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырған. Екеуінде де оң нәтиже берген соң, ол арнайы тағайындалған мекемеде оқшауға алынды, ал қалғандары өздерінің жаттығуын өткізетін Осака қаласына барады.

Хабарламада айтылғандай, Уганда командасының барлық мүшелері екі рет AstraZeneca вакцинасын алған және Жапонияға кетерден 72 сағат бұрын сынақтан өткен.

Айта кетейік, Токио-2020 жазғы ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам шоғырланатындықтан, аталмыш жарыс кейінге қалдырылған болатын.

Ұйымдастырушылар отандық көрермендерді ойындарға арналған стадиондарға кіргізуге байланысты арнайы шешімдер қабылдады, шетелдік көрермендер төртжылдықтың бас додасына кіргізілмейді.

Токио-2020 президенті Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сарапшылар жеке аудиторияға қарсы ескерту жасағанына қарамастан, бір орынға 10 000 адамнан келетін шекті көлемді қарастырған.

Ашылу салтанатына шенеуніктер 20000 адамға қатысуға рұқсат беруді қарастыруда, деп хабарлады жапондық Nippon Television телекомпаниясы жексенбіде.

Алғаш болып 1 маусымда Жапония астанасына софтболдан Австралияның әйелдер құрамасы келген, ал Уганда командасы турнирге келген шетелдік спортшылардың екінші тобы болды.
21 маусым 2021 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области