Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді

Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді. Бұл жолы су добы спортынан ұлттық құрама төртжылдықтың басты додасына лицензияны ұтып алды.

Олимпиада жолдамасы ойнатылатын Азия іріктеуі турнирі өткен жылы Нұр-Сұлтанда өтуі қажет еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыс ақпан айына шегірелген.

Дегенмен әледегі коронавирус ахуалы әлі жақсармағанына байланысты Азия федереациясы құрлықтық доданы өткізбеуді шешті. Олимпиадаға қалған жолдамалар ұлттық құрамаларға үлестіріліп берілді.

Роттердамда өткен Токио олимпиадасының ресми жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы да қатысты. Су добының Азия федерациясы олимпиадаға жолдаманы Джакартада өткен Азиада жеңімпаздарына беруді жөн көрепті.

Су добынан Қазақстан құрамасы олимпиадада В тобына түсіп, Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания, Черногория құрамаларына қарсылас атанды. Ал А тобында Оңтүстік Африка, АҚШ, Венгрия, Грекия, Жапония, Италия ұжымдары өнер көрсетеді.

Айта кетерлігі, су добынан Қазақстан құрамасы 2000 жылғы Сидней, 2004 жылғы Афины және 2012 жылғы Лондон олимпиадаларына қатысқан. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасына 44 спорт түрінен жолдама бар.

25 ақпан 2021 ж. 119 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области