Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Спорт министрі Қазақстан Олимпиадаға қанша жолдама алып үлгергенін айтты

Спорт министрі Қазақстан Олимпиадаға қанша жолдама алып үлгергенін айтты

Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпидасына дайындық жұмыстары туралы айта келе, Қазақстанның ұлттық құрамасы 20 спорт түрінен сынға түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің дерегінше, бұл додаға әлемнің 205 мемлекеті қатысады, 33 спорт түрінен 343 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
"Жоспар бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы 20 спорт түрінен сынға түседі. Олардың арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары және тағы басқа спортшылар бар", - деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін отандық спортшылар 5 лицензия жеңіп алған. Биыл тағы 28 лицензиялық әлем чемпионаты, 19 Азия чемпионаты, 12 әлемдік іріктеу турнирі өтеді. 2020 жылдың шілдесіне дейін қазақстандық спортшылар 50-ден астам әлем кубогына қатысады. Соның нәтижесінде рейтингілік ұпай жинауға мүмкіндік бар. Осылайша, үздік шыққандарға жолдама беріледі.
"Бүгінде лицензия саны 2016 жылғы Олимпиададан кем болмауы керек деген міндет қойылып отыр. Біздің спортшыларымызға үлкен табыс тілейміз!", - деп атап өтті Райымқұлова.
Айта кетейік, үш жыл бұрын өткен Рио Олимпидасына Қазақстан 27 спорт түрінен 100-ге жуық лицензия ұтып алған болатын.
Токио Олимпидасына жолдама алып үлгерген спортшылар: Георгий Шейко (жеңіл атлетика, спорттық жүріс), Евгений Гидич (велошоссе), Дмитрий Баландин (жүзу, 200 м/брасс), Виталий Худяков (ашық суда жүзу, 10 километр), Денис Ганькин, Санжар Мусаев пен Ильфат Абдуллин (садақпен ату, классикалық садақ).

21 маусым 2019 ж. 471 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области