Фархад Каналбеков - əлем чемпионы атанды
Kyzylorda-news.kz. 18-25 мамыр аралығында Токио қаласында (Жапония) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Фархад Каналбеков алтын медаль иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жастар арасында сынға түскен Фархад 59 келіде классикалық түрінен - күміс, экипировкалық түрінен - алтын медальдарды жеңіп алды. Ол осымен екінші мəрте әлем чемпионы атанды.
Ф.Каналбеков - Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, былтырғы жылғы Əлем чемпионы. Ол енді келесі жылдан бастап ересектер арасында бақ сынасатын болады.
Сондай-ақ, Əлем чемпионатында экипировкалық жатып сығымдаудан 74 келі салмақта Қуанышбай Төлегенов - екінші, Қожахмет Жалтаев - үшінші орындарды еншіледі.
Спортшыларды жарысқа Файзулла Идрисов дайындады.