Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғандықтардың вакцина егуге ынтасы артты

Жаңақорғандықтардың вакцина егуге ынтасы артты

Kyzylorda-news.kz. Әлем әбігерге түсті, дерт дендемеуі үшін дабыл қақты. Елімізде жаппай екпе егу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру, індеттің алдын алу жұмыстары жүруде.

Қазіргі пандемия жағдайынан тек вакцина қабылдау арқылы ғана шыға алатынмыз белгілі. Қазіргі таңда, Жаңақорған ауданы бойынша 10106 азамат «Спутник V» (5175), «Hayat vax» (4619) және «CoronaVac» (312) вакцинасын ерікті түрде қабылдады.

Сонымен қатар, ауданда орналасқан кәсіпорындар белсенділігі өсіп отыр. Атап айтқанда, «СКЗ-У» ЖШС-нің 229 қызметкері (жалпы қызметкердің 85,44%), «Қызылқұм» ЖШС-нің 362 қызметкері (жалпы қызметкердің 80,11%), «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ-ның 405 қызметкері (жалпы қызметкердің 72,23%) және «Байкен-У» ЖШС-нің 194 қызметкері (жалпы қызметкердің 51,45%) ерікті түрде вакцина қабылдады.

Бұл денсаулыққа деген елдің көзқарасы кеңейгенін көрсетті. Жалпы, Жаңақорған жұртшылығына жеңіл болу үшін вакцина егу жұмыстары көшпелі жағдайға көшкен. Қазір аудандағы барлық медицина ұйымдары күнделікті сағат 8:00 ден түнгі сағат 22:00 аралығында короновирусқа қарсы вакцина егу жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
21 маусым 2021 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области