22 маусымға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс бөлігіне әсерін сақтап қалуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жаңбыр, найзағай болды, бұршақ жаууы ықтимал, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.
Ал республиканың батыс және оңтүстік-батыс жартысында антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 25 м/с болады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, Қостанай облысында дауыл күтіледі.
Күндіз Ақмола, Атырау облыстарынң кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.