Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шілдеде Жосалы мен Жалағаш кенті табиғи газға қосылады

Шілдеде Жосалы мен Жалағаш кенті табиғи газға қосылады

Kyzylorda-news.kz. Үстіміздегі жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кентіндегі газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдары табиғи газға қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов баяндады.

«Биыл шаһарға қарасты Наурыз және Ж.Махамбетов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Жобаны толығымен аяқтау мақсатында 2022 жылға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда, газбен жабдықтауға 8 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленуде. Яғни 2025 жылға дейін тиісті жұмыстар жасалып, газбен жабдықтау үлесін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда», – деді Ерлан Ералыұлы.
23 маусым 2021 ж. 235 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области