Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада түзету мекемесіне есірткі жібермек болған тұрғын ұсталды

Қызылордада түзету мекемесіне есірткі жібермек болған тұрғын ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде келеңсіз жағдай орын алды. Жазасын өтеушілердің таныстары мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізуге әрекеттенген. Заңсыздықтың алдын алуға тырысқан жедел бөлімнің қызметкерлері арнайы жоспар құрып, тұрғындарды қолға түсірді.

Жедел бөлімінің қызметкерлері әділет майоры С.Сақтапберген мен әділет аға лейтенанты А.Көптілеу мекеме аумағын торуылдап жүрген келушілерді мекеме аумағында заңсыз әрекеттерін іске асыру барысында құрықтады.

«Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматтан 3 дана нығыздалып оралған өзіне тән иісі бар шөп тектес заты және «iPhone 5» маркалы ұялы телефоны тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды», – дейді әділет майоры С.Сақтапберген.

Айта кетейік, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
24 маусым 2021 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области