Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 5 айда 65,2 млрд теңге салық төленді

Қызылордада 5 айда 65,2 млрд теңге салық төленді

Kyzylorda-news.kz. Аймақтағы Мемлекеттік кірістер департаменті 5 айда 65,2 млрд теңге түсім түсірді. Осылайша, сала мамандары Мемлекеттік бюджет жоспарын 107 пайызға орындады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбек Бекішев мәлімдеді.

Департамент тарапынан жыл басынан бері 247 661 қызмет түрі көрсетілген. Оның 244 184 электронды түрде, 3477 жазбаша жауап берілген.

«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында «OpenSpace» жобасы іске асырылды. Ғимаратқа кіре берісте «қабылдау орталығы» салынды. Келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Мұнда біздің қызметкерлер күн сайын кезекшілік етеді және азаматтарды қабылдайды. Қажет болған жағдайда Департамент басшылығы да қабылдау жүргізеді. Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау басталды. Декларациялау қолданысқа кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл ретте «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы арқылы декларацияны тапсыруға болатынын естеріңізге саламыз. Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтер «Электронды үкімет» порталы «e-gov.kz, Cabinet.salyk.kz интернет ресурсы және «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Осы аталған ресурстар арқылы келесі мемлекеттік қызметтер түрін алуға болады. Атап айтқанда, салық төлеушілерді тіркеу, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»,-деді Әділбек Ерғалиұлы.

Бүгінде саланы цифрландыру мақсатында 25 мемлекеттік қызметтің 21-і автоматтандырылған. Яғни электронды түрде қызмет алуға толық мүмкіндік жасалған.
25 маусым 2021 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области