Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асқар Мамин әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

Асқар Мамин әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.

«Санитарлық-эпидемиологялық ахуал өзгеріп барады. Өңірлерде вирусты жұқтырған адамдардың саны өсуде. Ауруханалардағы орындардың жүктемелігі 27 пайыз, ал жансақтау бөлімінде 24 пайызды құрап отыр. Елордадан басқа «қызыл» аймаққа тағы төрт өңір кірді. «Сары» мен «жасыл» аймақта алты өңірден бар. «Қызыл» аймақтардағы барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуі тиіс», – деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин осы жайттың бәрін ескеріп, резервтегі инфекциялық орындардың дайындығын пысықтап, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды

«Бүгінгі күні вакцинаның І компонентін 3,3 миллионға жуық адам салдырды. Шамамен 2 миллион адам ІІ компонентті ектірді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакциана салу қарқынын күшейту керек. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын байқалып отыр», – деді Премьер-Министр.

29 маусым 2021 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области