Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдық еріктілер шөп оруға аттанды

Аралдық еріктілер шөп оруға аттанды

Kyzylorda-news.kz. Биыл өзге өңірлермен қатар Арал ауданының шаруалары да табиғаттың тосын мінезінен, қуаңшылық жағдайынан зардап шегіп отыр. Осы орайда бүгін аралдық 40 белсенді аудан аумағындағы шабындықтардан шөп оруға жол тартты.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұранмен бастау алған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов, аудан ардагерлері мен жастар қауымы қатысты.

«Ерікті жастарымыздың елге деген жанашырлықтарына ризашылығымды білдіре отырып, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Бірілік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықты да жеңіп шығатынымызға сенемін!», – деген аудан басшысы өз сөзінде ауданымызда қалыптасқан қуаңшылық жағдайын еңсеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған шараларды атап өтті.


Аталған шара ауданға қарасты Жетес би және Қаратерең ауылдық округтерінен бастау алмақ. Сондай-ақ Аманөткел, Ақирек, Аққұм және Жаңақұрылыс ауылдық округтерінде де жүзеге асырылады. Аталған аумақтар бойынша бүгінде 12 шөп орушы бригадалар жасақталып, аудан бойынша шөп тасымалына қажетті 127 көлік жұмылдырылды.

Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның екі мәрте отырысы өткізіліп, комиссия шешіміне сәйкес ауданда төтенше жағдай жариялау туралы біржақты шешім қабылданды. Аталған шешім облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың келісімдерінің негізінде ҚР-ның Әділет министрлігінің ашық НҚА порталында ағымдағы жылдың 24 маусымында жарияланды және 12 шілдеде министрлікпен бекітіледі деп жоспарлануда.

Ауданда төтенше жағдай жарияланған кезде Сырдария бойындағы бірқатар каналдарды тазалау, су тоспаларын салу, елді мекендердің территорияларынан су ұңғымасын іске қосу және ең бастысы шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында шаруа қожалықтарының тасымалға кететін шығындарын яғни, жанар-жағармайын өтеу қолға алынатын болады. Жалпы бұл бағытта атқарылатын шаралар аз емес.

Жалпы ауданнның территориясы шөптің шығымына байланысты үш аймаққа бөлінді. Атап айтқанда 13 елді мекен қызыл аймақ, 6 елді мекен сары аймақ, 4 елді мекен жасыл аймақ болып белгіленді. Бүгінде аудандағы мал басына қажетті 205 мың тонна шөпті тасымалдау жұмыстары басталды. Осы орайда өткен маусым айынан бастап облысымыздағы көршілес аудандардан және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан жоңышқа шөбі тасмалдануда. Бұдан бөлек аймағымыздың өзге өңірлері де Аралға көмек ретінде шөп шабу науқанына қолғабыс жасап, игі бастамаларға үн қосуда.
08 шілде 2021 ж. 282 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области