Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА СЕРПІНДІ ЖҰМЫСТАР БАР

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА СЕРПІНДІ ЖҰМЫСТАР БАР


Осы аптада Арал ауданының әкімі М.Оразбаев Бөген, Қаратерең, Жаңақұрылыс ауылдық округтерінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады және елдің хал-ахуалымен танысты. Аудан басшысы сапар барысында ауыл маңындағы Тұщы-2 көліне жүргізіліп жатқан мелиорациялық жұмыстардың барысымен танысты. Бұл маңда қазіргі таңда жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын «Балғабай» каналының қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса «Бекетей», «Стан» каналдарында да осы жұмыстар жүргізілуде. Жауапты мердігер компания «МФК Туран» ЖШС-нің жауапкершілігіндегі осы жұмыстардың қарқыны қазіргі таңда жаман емес. Жауаптылардың айтуынша, аталған шаралар үстіміздегі жылдың мамыр айында бастау алған. Ал, аяқталу мерзімі тамыз айында.
Бөген елді мекенінде балық қабылдау және тоңазыту цехы жұмысын бастағалы отыр. Жоба үйлестірушісі Н.Әйімбетовтың жеке қаражаты есебінен салынған бұл жобаның жалпы құны 15 млн. теңгені құрайды. Жер көлемі – 1500 га. Бұл цех күніне 15 тонна балық қабылдап, оны қатыруға қауқарлы. Қазіргі таңда әзірше 2 адам жұмыс жасауда, ал, цех толық қуатында жұмыс істеген кезде 6 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұл жұмыстарға қаныққан аудан әкімі аталған цехтың жұмысын оң бағалады.
Кезекті сапар одан әрі Қаратерең ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі алдымен мұнда салынып жатқан «Жалғасбай» ЖШС-нің балық қабылдау және тоңазыту цехында болды. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынып жатқан бұл нысан толыққанды іске қосылғанда, 100 тонна балықты қабылдап, оны алғашқы өңдеуден өткізуге қауқарлы болады.
Жаңақұрылыс ауылдық округі де кәсіпкерлік саласы бойынша біршама жұмыстарды қолға алып келеді. Осы ауылда болған аудан әкімі М.Оразбаев елдегі №74 орта мектеп ғимаратында жұртшылықпен жүздесті. Мұнда алдымен ауыл әкімі Б.Әбдірайымов кәсіпкерлік саласы төңірегінде қолға алынып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Артынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.Жұмағұлов хабарлама жасап, қазіргі таңда кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қолдаудың көп екенін алға тартты. Міне, осылайша, жұртшылықпен болған емен-жарқын жүздесулер ауыл әлеуетіне оң серпін беріп, тірлігі бекем елдің тілегі орындалуына сәл де болса септігін тигізді.
22 маусым 2018 ж. 709 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области