Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚАЛҚЫМАЛЫ КӨПІР САЛЫНЫП ЖАТЫР

ҚЫЗЫЛЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚАЛҚЫМАЛЫ КӨПІР САЛЫНЫП ЖАТЫР


    Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Райым ауылдық округінде болды. Бұл ретте аудан әкімі қаншама жылдан бері ауыл халықына арман болған Қызылжардағы қалқымалы көпірдің құрылыс жұмысымен танысты. Байқағанымыздай, жергілікті жердегі «МФК Туран» ЖШС жасап жатқан қалқымалы көпірдің жұмыс барысы да, қарқыны да өте жоғары. Қалқымалы көпірді орнату үшін барлығы 23 қайық қажет етілсе, қазіргі таңда соның 21-і дария жағасында қаздай тізіліп, дайын тұр. Одан басқа да керекті құрылғылар мен заттар жұмыс объектісінің басынан табылады.
    Одан әрі, аудан басшысы осы аймақтағы көптен шешімін таппаған, ауыл тұрғындарына ауырлық тудырған мәселе «Райым-Водокачка» елді мекенінің кіреберіс автокөлік жолы болатын. Үстіміздегі жылы аталмыш мәселе ескеріліп, мемлекеттік бюджеттен қаржы қаралып, осы қиындықты шешуге мүмкіндік туған еді. Бүгінде жол жөнге келіп, қатынас барынша жеңілдей түсті деуге болады. Жалпы ұзынды 10 шақырымға жоспарланған жаңа жолдың бүгінгі таңда 6 шақырымы аяқталған.
    «Жақсы жол елге жора», - демекші, аталған құрылыс барысын көрген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жол жұмыстарына оң бағасын беріп, сәтті аяқталуына тілектестік білдірді.





14 қараша 2017 ж. 908 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области