Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғанибек Қазантаев су шаруашылығы қызметкерлерін қабылдады

Ғанибек Қазантаев су шаруашылығы қызметкерлерін қабылдады

Kyzylorda-news.kz Бүгін шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев аймақтағы су шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Адамзат пен табиғат үйлесімінде тіршілік көзін реттеп отырған сала қызметкерлерінің еңбегі ерен. Мамандығына адалдық танытып, әрбір тамшының ысырап болмауына барын салып, бүгінгі қиыншылықта атқарып отырған жұмыстарыңызға алғысымды білдіремін. Құрғақшылық алқымнан алған тұста кенезесі кепкен көлдер мен табанынан шаң бұрқыраған атыздарға Сырдың суын үнеммен үлестіріп, Жер-Ана бұлағын байыпты болжаммен бағыттаған берекелі істеріңізді халық біледі. Жылдың төрт мезгілінде дамыл таппай, су бөліп беру шаруасын ұқыптылықпен атқаратын гидротехник мамандарының тапшы екендігін жақсы білеміз. Дегенмен, жауапкершілік жүгін, артылған сенім үдесін биік қоятын сала майталмандары әр кезде де мәртебе мінберінде болуы тиіс. Бұл салада кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді. Қазіргі таңда дарияның солтүстік сағасындағы бірнеше су реттегіш қондырғыларына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары су тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді деп сенемін. Алқалы елді абыржытқан ахуал ағыны да өтер. Бастысы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында молшылыққа кенелейік», – деді қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы.

Бүгінгі басқосуда шаһар басшысы «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетовке «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісін табыстаса, «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің бас маманы Аягөз Аманқараеваға Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Одан әрі қиын кезеңде атқарған еселі еңбектері үшін осы саланың мамандары қала әкімінің алғыс хатына ие болды.
09 шілде 2021 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области